НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Euroclubindex порталы Еуропаның үздік футбол клубтарының рейтингін жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Рейтингіні Чемпиондар лигасының жеңімпазы Германияның «Бавария» командасы бастап тұр. Одан кейінгі орындарда Англияның «Манчестер Сити» және «Ливерпуль» клубтары келеді. Үздік бестіктің ішінде Испанияның «Барселона» және «Реал» командалары жайғасқан.
Қазақстандық клубтар арасында Алматының «Қайрат» клубы 234-орынға орналасса, елордалық «Астана» 243-орында тұр.
Қазақстандық өзге клубтардың позициясы келесідей: «Ордабасы» - 361-інші орын, «Тобол» - 363, «Жетысу» - 435, «Шахтер» - 454, «Кайсар» - 470, «Тараз» - 509, «Кызыл-Жар СК» - 523, «Окжетпес» - 548, «Каспий» - 555-орын.
Рейтингіні түзі кезінде командалардың Еурокубоктағы соңғы төрт маусымдағы көрсетіші, ел біріншілігі мен кубоктағы нәтижесі ескеріледі. Негізінен соңғы жылдағы көрсетіш қаперге алынады.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.