Оның ішіндегі ең жоғарғы "Элит" дәрежесіне - 17, одан кейінгі "Премьер" дәрежесіне - 12 төреші енді. Осы 12 төрешінің арасында алматылық Юлия Медведева да бар, сөйтіп жерлесіміз Еуропадағы 30 жетекші төрешілерінің қатарына еніп отыр. Ал тағы бір отандасымыз шымкенттік төреші Ирина Гаврилова 3-дәрежелі төрешілердің қатарына енді.
УЕФА-ның ұйғарымы бойынша, ойындарға төрелік жасайтын ер азаматтар 6 категорияға, атап айтқанда «Элит», «Премьер девелопмент», «Премьер» және 2-категория, 3-категория және 4-категорияға жіктелінген. Қазақстандық төрешілердің ішінде жақсы прогреске Артем Кучин қол жеткізіп отыр, ол бір жылдың ішінде төртінші категориядан үшінші категорияға ауысты. Біздің басқа төрешілеріміз - Александр Гаузер, Павел Салий мен Анатолий Вишниченко төртінші категорияға еніп отыр.