Ақтық сында алматылық «ЦЕСНА-97» және Талдықорғандық «Жетісу» командалары кездесіп, ойын алматылықтар пайдасына шешілді. Сөйтіп, жалпы кестеде 1-орынды «ЦЕСНА-97» (Алматы), 2-орынды «Жетісу» (Талдықорған), ал 3-орынды қарағандылық «Шахтер» командасы алды. Онан кейінгі орындарға ДЮСШ (Қаратау), «Біздің компаниямыз» (Астана) және СДЮШОР № 2 (Алматы) командалары жайғасты. Ойындар «Цесна» стадионында өтті.
Турнирдің «Үздік қақпашы» болып Подымский Данил (ЦЕСНА-97) танылды, Ешібаев Нәуірбек (СДЮШОР №2) «үздік қорғаушы» , Онанасюк Владислав (Шахтер) «үздік жартылай қорғаушы» , Айбар Жаксылық (Жетісу) «Үздік шабуылшы» атанды. Рашид Люхай (ЦЕСНА-97) "үздік сұрмерген» - болды. Рашидтің еншісінде - 5 доп.
Сергей Квочкин алматылық «Қайрат» пен өскемендік «Восток» командаларының құрамында өнер көрсеткен танымыл футболшы болатын. КСРО жоғарғы лигасында 232 ойын өткізіп, 61 гол соқты. Сондай-ақ ол 1962 жылы КСРО құрамасы сапында Латын Америкасы турнесіне аттанған болатын. Сол жолы әйгілі «Маракана» стадионында Бразилия қақпасына жеңіс добын соққан еді. Марқұм осыдан 3 жыл бұрын 69 жасында дүние салды.