НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Футболдан ел чемпионы «Қайрат» командасы Түркияға оқу-жаттығу жиынына аттанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматылық клубтың баспасөз қызметі мәлім еткендей, аталмыш жиынға қатысатын футболшылар тізімі жарияланды.
Қақпашылар: Стас Покатилов, Данил Устименко, Дінмұхаммед Жомарт, Темірлан Анарбеков.
Қорғаушылар: Сергей Кейлер, Нұралы Әліп, Ғафуржан Сүйімбаев, Камо Оганесян, Раде Дугалич, Дино Миканович, Денис Поляков, Александр Широбоков, Лев Кургин, Арсен Буранчиев.
Жартылай қорғаушылар: Яцек Гуральский, Айбол Әбікен, Адам Адахаджиев, Сұлтанбек Астанов, Небойша Косович, Гүлжігіт Алықұлов, Данияр Үсенов, Андрей Ульшин.
Шабуылшылар: Вагнер Лав, Адеринсола Эсеола, Артур Шушеначев, Штрели Мамба, Айдар Абдолла, Ғалымжан Кенжебек.
Алматылықтар жаңа маусымға дайындық барысында черногориялық «Будучность» және украиналық «Александрия» командаларымен жолдастық кездесу өткізеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Алматының «Қайратына» неміс шабуылшысы келгенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).