Кездесудің 29-минутында Аргентина капитаны Лионель Месси есеп ашып, командасын алға шығарды. Кабо-Верде тарапы таразы басын теңестіргенімен, оңтүстікамерикалық құрама ойын тізгінін қайта қолға алып, тағы екі рет мергендік танытты.
Кабо-Верде матч соңына қарай есеп айырмасын қысқартқанымен, таразы басын теңестіре алмады. Нәтижесінде Аргентина 3:2 есебімен жеңіске жетіп, плей-оффтың келесі кезеңіне өтті.
Бұл матчта Лионель Месси әлем чемпионаттарының плей-офф кезеңіндегі нәтижелі әрекеттер саны бойынша жаңа рекорд орнатты. Ол гол соғып, әлем чемпионаттары плей-оффындағы нәтижелі әрекеттер санын 12-ге жеткізді. Осылайша аргентиналық футболшы бұған дейін 11 нәтижелі әрекетпен көш бастап тұрған Пеле мен Килиан Мбаппеден озып шықты.
Сонымен қатар бұл гол Месси үшін әлем чемпионаты-2026 турниріндегі жетінші, ал әлем чемпионаттары тарихындағы 20-гол болды.
Енді Аргентина құрамасы 1/8 финалда Мысыр құрамасымен кездеседі.
Айта кетейік, Аустралияны жеңген Мысыр құрамасы әлем чемпионатының 1/8 финалына жолдама алды.