АСТАНА. ҚазАқпарат – Аргентинаны жеңу құрметіне Сауд Арабиясында сәрсенбі демалыс күні болып жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Arab news агенттігіне сілтеме жасап.
Сауд Арабиясының королі Сальман бен Абдель Азиз Аль Сауд Қатарда футболдан өтіп жатқан әлем чемпионатында ұлттық құраманың Аргентинаны жеңгенін тұрғындардың атап өтуі үшін сәрсенбіні демалыс деп жариялау туралы шешім қабылдады.
Сауд Арабиясы С тобындағы алғашқы матчында Лионель Месси бастаған Аргентинаны күтпеген жерден 2:1 есебімен ұтып кеткен болатын. Ал осы топтаға Мексика мен Польша құрамалары 0:0 есебімен тең тарқасты.
Осылайша, Сауд Арабиясы өз тобында үш ұпаймен көш бастады. Олар 26 қараша күні Польшамен, 30-ында Мексикамен жасыл алаңға шығады.
Аргентина құрамасы әлем чемпионатында Сауд Арабиясынан жеңілді.
Дания мен Тунис құрамалары тең тарқасты.
https://kaz.inform.kz/news/sensaciya-argentina-kuramasy-alem-chempionatynda-saud-arabiyasynan-
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).