ФУТБОЛ: «Астана» Чемпиондар лигасындағы маусымын аяқтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» футбол клубы бүгін Стамбул каласында жергілікті «Галатасарай» футбол клубымен тең ойнады. Ойын қорытындысы бойынша, «Галатасарай» Еуропа лигасына жолдама алды, деп хабарлады Вести.кз.

Матчтың 62 минутында «астаналық» Твумаси гол салса, 2 минуттан соң «Галатасарай» капитаны Сельчук Инан есепті теңестірді. Қорытындысында, «Галатсарай» Еуропа лигасына жолдама алса, «Астана» футбол клубы тең ойын көрсеткені үшін 500 мың евро алып, Чемпиондар лигасындағы мауысымын аяқтады.