Айта кетейік, «Астана»- «Динамо» клубының бірінші матчы 7 тамыз күні Астанада өткен болатын. Бірінші іріктеу кезеңінде 0:2 есебімен «Динамо» клубының ойыншылары жеңіске жетті. Бұл ойында Хорватия командасының құрамындағы Марио Будимир және Дани Ольмо өз өнерлерін ортаға салып, ойындарымен ерекшеленді.
Ал, екінші кездесу Хорватияда 14 тамызда өтеді. Қазақстандық жанкүйерлер Загреб қаласында өтетін екінші матчта «Астананың» есе қайтарып, УЕФА Чемпиондар Лигасының плей-офф раундына жолдама алатынына сенім білдіреді.
«Динамо» - Хорватияның Загреб қаласында орналасқан ең танымал клубы, өз алаңындағы ойындарын 38 923 көрермен сыйғызатын «Максимир» стадионында өткізеді. Әр жылдары «Динамо Загреб» клубында әлем футболының жұлдыздары Звонимир Бобан, Давор Шукер, Роберт Просинески, Лука Модрич, Марио Манджукич және басқалар ойнаған.
«Динамо Загреб» - «Астана» ойынында жеңімпаз атанған құрама УЕФА Чемпиондар Лигасының плей-офф раундында швейцарлық «Янг Бойз» клубына қарсы ойнайтын болады.
Фото: www.fcastana.kz