Футбол: «Астана» елордада «Каспийден» басым түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 13-турында елордалық «Астана» Ақтаудың «Каспийін» жеңді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесу барысында елордалық клуб тізгінді өз қолына алуға тырысты. Алдымен Фабиен Урега 19, Абат Айымбетов 21-минутта мергендік танытты.

Одан кейін 55-минутта «Каспий» сапынан Георгий Панцулая пенальтиден есеп айырмасын қысқартты.

Ал 66-минутта елордалық клубтан Михаил Габышев қорытынды есепті белгіледі.

Осылайша «Астана» қарсыласынан 3:1 есебімен басым түсті.

Сондай-ақ, алматылық «Қайрат» өз алаңында Петроавлдың «Қызылжарын» 3:0 есебімен сүріндірді.

Дәл қазір бірінші кезеңнен кейін «Атырау» өз алаңында Қостанайдың «Тобылын» 1:0 есебімен жеңіп жатса, енді ғана басталған қарағандылық «Шахтер» мен талдықорғандық «Жетісу» арасында есеп ашылған жоқ.

Енді 20.00-де «Ақсу» (Павлодар облысы) мен «Ордабасы» (Шымкент) командалары кездеседі.

Ал 25 маусымда 18:00-де «Оқжетпес» (Көкшетау) пен «Қайсар» (Қызылорда), 20.00-де «Ақтөбе» мен «Мақтарал» (Түркістан облысы) ойнайды.