ФУТБОЛ: «Астана»-«Ертіс» матчы 31 қазанда өтеді
08:08, 29 Қазан 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - 31 қазанда «Астана Арена» стадионында «Астана»-«Ертіс» футбол командаларының 31-ші турының матчы өтеді, деп хабарлайды «Астана» ФК баспасөз қызметінен.
Ойын жергілікті уақыт бойынша сағат 15.00-де басталады. Ал одан бір күн бұрын, 30 қазанда сағат 15.00-де осы стадионда Кәсіби футбол лигасы кубогы өтеді.