ФУТБОЛ: «Астана» израильдiк «Хапоэльдi» iрi есеппен тiзе бүктiрдi

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Астана Арена» стадионында Еуропа Лигасының екінші біліктілік кезеңінде израильдық «Хапоэльді» қабылдаған «Астана» командасы қарсыласын 3:0 есебiмен жеңді.

«Астаналық» Рохер Каньяс бiрiншi таймда пенальтиден гол салып, 1:0 есебімен командасын алға шығарды. Ал ойынның 58-минутында команда капитаны Таңат Нөсербаев "Хапоэль" қақпасына тағы бiр доп енгiзiп, "Астананың" басымдығын еселей түстi. Алаң иелерi үшiншi голды да көп ұзатпады. Алыстан доп тепкен Абзал Бейсебеков тельавивтiк қақпашыға еш мүмкiндiк бермедi.

Дәл осы уақытта Алматыда «Қайрат» пен даниялық «Эсьберг» кездесуi өтуде. Бiрiншi таймнан кейiн есеп әлi ашылмаған. Сағат 22:00-де Литвада «Атлантас» өз алаңында қарағандылық «Шахтерді» қабылдайды.