НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасында Қазақстан чемпионатының 20-турында елордалық «Астана» қызылордалық «Қайсардан» басым түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын «Астана» қатарынан төрт ойында жеңіске жете алмай келе жатқан болатын. Сол сәтсіздіктер сериясын бүгін тоқтатты .
Ойынның 25-минутында елордалық Марин Томасов есеп ашса, оған 31-минутта қызылордалық Максим Федин бір голмен жауап қайырды.
Екінші кезеңде Пиерос Сотириу екі мәрте мергендігімен көзге түсті. Алдымен 61-минутта гол соқса, 73-минутта есепті үстемелей түсті. Осылайша «Астана» қарсыласын 3:1 есебімен тізе бүктірді.
Бүгінгі жеңісінен кейін елордалық клуб 27 ұпаймен үшінші орынға көтерілді.
Аталған турда бүгін тағы төрт ойын өткізіледі. Қазір бірінші кезеңнен кейін «Қызылжар» мен «Ордабасы» 0:0 есебімен тең түсіп жатса, «Тараз» «Каспийден» 0:1 есебімен жеңіліп жатыр. Ал «Шахтер» мен «Жетісу», «Оқжетпес» пен «Тобыл» арасындағы ойындар елорда уақытымен 18:00-де басталады.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.