Айта кетсек, алғашқы турда «Астана» елордада Қарағандының «Шахтер» командасымен кездесті. Кездесуде 0:0 есебі тіркелді. Алайда аталған ойында елордалық клуб қазақстандық футболдың түлегі саналмайтын жеті футболшының заңсыз қатыстырған. Салдарынан бұл бойынша тиісті заңдылықтар сақталмаған.
Осыған орай Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы тиісті шешім шығарды.
«Қазақстан футбол федерациясының Бақылау-тәртіптік комитетінің шешімімен кездесудің нәтижесі жойылды. «Астанаға» 0:3 есебімен техникалық жеңіліс есептелді», - деп мәлім етті Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы.
Еске салсақ, футболдан бірінші лигада бақ сынайтын командалар анықталды.