«Астана» сапында Эрич (Мокин), Логвиненко, Аничич, Шомко (Малый), Шитов (Постников), Маевский (Станоевич), Ласлов (Мужиков), Бейсебеков (Зайнутдинов), Томасов (Муртазаев), Твумаси (Перцух), және Деспотович (Щеткин) өнер көрсетті.
Ойынның 25-минутында Юрий Логвиненко бұрыштама допты қақпаға баспен бағыттап, есеп ашты. Ал екінші таймда Джордже Деспотович (65-минут) және Юрий Перцух (89-минут) гол соғып, қортынды есеп 3:0 болды.
Айта кетейік, «Шаньдун Лунэн» қытайдағы ең беделді футбол клубы, 3 мәрте Қытай Суперлигасы және 1 мәрте Қытай А лигасының (Chinese Jia-A League) чемпионы атанған.
Еске салайық, бұл «Астананың» БАӘ-де өткізіп жатқан оқу-жаттығуының соңғы жолдастық кездесуі. «Астана» осы жиында «Спартак» (3:2), «Краснодар» (3:1) көрсеткіштерімен жеңіске жетсе, словениялық «Жилина» клубынан (0:1), шведтің «Хеккен» командасынан (0:2) есебімен жеңіліп қалды. Ал 6 ақпан күні «Астана» Қытайдың бірінші лигасының 7 мәрте чемпионы (China League One) «Ляонин Хувин» қақпасына жауапсыз 6 гол соққан болатын.