Турнир кестесінде үшінші орында келе жатқан Алматының «Қайрат» командасы көш бастау үшін бүгін қалайда үш ұпай үшін бар күшін салатындығы о бастан белгілі еді. Алайда Бақтияр Зайнутдинов 51-минутта есеп ашып, елордалықтарды алға шығарды.
Оған Андрей Аршавин 71-минуттағы голымен жауап берді. 1:1 есебі кездесу соңына дейін сақталып қалды.
5 ойыннан кейін «Астана» 13 ұпаймен бірінші орында тұр. Ал екінші орында Шымкенттің «Ордабасы» командасы 12 ұпаймен елордалықтарды өкшелеп келеді. Ал 3-орында қалған «Қайраттың» еншісінде енді 11 ұпай бар.
Фото: fca.kz