АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық «Астана» командасының UEFA Чемпиондар лигасы үшінші сатысындағы ықтимал қарсыласы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық клуб екінші іріктеу сатысында Хорватияның «Динамо» (Загреб) командасын жеңген жағдайда үшінші іріктеу сатысында Грекияның АЕК командасымен кездеседі.
Ал «Динамоға» есе жіберген жағдайда UEFA Еуропа лигасы үшінші іріктеу сатысында «Лудогорец» (Болгария) / «Олимпия» (Словения) жұбының жеңілген командасымен шеберлік байқасады.
Айта кетсек, елордалық команда қазірге дейін бірінші іріктеу сатысында Грузияның «Динамо» (Тбилиси) командасын (2:1, 1:1) қапы қалдырып кетті.
Енді шілденің 25-нен 26-на қараған түні және 2 тамызда Хорватияның «Динамо» (Загреб) клубымен ойнайды.
Сондай-ақ, бүгін қазақстандық «Ордабасы», «Ақтөбе» және «Тобыл» командаларының UEFA Конференция лигасы үшінші іріктеу сатысындағы ықтимал қарсыластары анықталады.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.