деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жеңіс голын матчтың 34-ші минөтінде Зубко соқты. Осылайша премьер-лига командалары арасында биылғы маусымда 6-шы орынды қанағат тұтқан, тәжірибелі маман Вахид Масудов жаттықтыратын «Атырау» ел кубогы үшін болған жарыста мықты қарсыластарының барлығын шаң қаптырып, топ жарды. Кубокты «Атырау» футболшыларына УЕФА президенті Мишель Платинидің өзі тапсырды.
Айта кетейік, атыраулықтар жартылай финалда Талдықорғанның «Жетісу» командасын жеңген болатын.