НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан бірінші лигада жеңімпаз атанған «Атырау» мен «Ақтөбе» командалары Премьер-лигаға бір жылдық үзілістен кейін қайта оралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгін бірінші лигада 12-тур ойындары өтті. Аталған турда бірінші конференцияда «Ақтөбе» «Екібастұздан» 1:0 есебімен басым түсті. Ал екінші конференцияда «Атырау» «Шахтер-Болатты» 3:2 есебімен жеңді.
Нәтижесінде қос команда да екінші орында келе жатқан қарсыластарынан 7 ұпайға ұзап кетті. Екі тур бұрын Премьер-лигаға қайта оралды.
Командалар 2019 жылы Премьер-лигада соңғы екі орынды місе тұтып, бірінші лигаға түсіп қалған еді.
«Ақтөбе» Премьер-лигада бес мәрте чемпион атанса, үш-үштен мәрте күміс және қола жүлдегер болды. Ал «Атырау» қол мәрте күміс жүлдеге қол созды.
Айта кетерлігі, Премьер-лигада 26 және 27 қазан күндері 15-тур ойындары өткізіледі.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.