АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 13-турында тағы бір ойынның нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталған турда «Атырау» өз алаңында Қостанайдың «Тобылымен» кездесті.
Ойын барысында бірінші кезеңде алаң иелері сапынан 45-минутта Демир Имери есеп ашты.
Екінші кезеңнің 57-минутта Нсунгуси Эффионг есепті үстемелей түссе 81-минутта Якуб Новак қорытынды есппті белгіледі.
Осылайша «Атырау» қарсыласынан 3:0 есебімен басым түсті.
Дәл қазір бірінші кезеңнен кейін қарағандылық «Шахтер» өз алаңында талдықорғандық «Жетісуға» 0:1 еспбімен жеңіліп жатыр.
Жаңа ғана басталған «Ақсу» (Павлодар облысы) мен «Ордабасы» (Шымкент) кездесуінде есеп ашылған жоқ.
Ал 25 маусымда 18:00-де «Оқжетпес» (Көкшетау) пен «Қайсар» (Қызылорда), 20.00-де «Ақтөбе» мен «Мақтарал» (Түркістан облысы) ойнайды.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Астана» «Каспийді» 3:1 есебімен жеңсе, «Қайрат» «Қызылжарды» 3:0 есебімен тізе бүктірді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.