НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Испаниялық «Барселона» түлегі, камерундық қорғаушы Маки Баньяк «Қайратқа» алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қайрат» футбол клубы мәлім еткендей, М.Баньякпен 2023 жылдың желтоқсанына дейінгі мерзімге келісімшартқа қол қойылды.
Маки Франк Баньяк Муэньи 1995 жылы 7 маусымда Яундеде (Камерун) дүниеге келген.
Орталық қорғаушы. Спорттық жолын 2012 жылы «Барселона Б» құрамында бастап,
каталониялық клубтың жүйесінде 8 жыл болды, 2016 жылдан «Нант», «Сарагоса», аустриялық «Адмира» командасында доп тепті.
2018 жылы словениялық «Олимпия» (Любляна) клубына ауысып, онда екі маусым бойы ойнады.
Содан кейін «Партизан» (Белград) клубымен келісімшартқа қол қойды.
М.Баньяк барлығы 139 матчта 3 гол соқты. Камерун құрамасы сапында 4 кездесу өткізді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Ақжайықтың» Қазақстан кубогында өз тобында көш
бастағанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).