Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігінің кейінге қалдырылған 15 және 18-тур ойындары өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
"Қызылжар» (Петропавл) мен «Тобыл» (Қостанай) командалары 15-турдың кейінге қалдырылған ойынында 1:1 есебіне қанағат білдірді.
Ал елордалық «Астана» өз алаңында Көкшетаудың «Оқжетпесін» 5:2 есебімен қапы қалдырды.
Сондай-ақ, Шымкенттің «Ордабасы» клубы өз алаңында Түркістан облысының «Мақтаралын» 1:0 есебімен сүріндірді.
Қазір турнир кестесінде «Ордабасы» 52, «Астана» 49 ұпай жинап, бір-бірімен қатарлас тұр. Бас жүлде тағдыры осы екі команда арасында алдағы үш турда шешілуі мүмкін.
Енді 24-тур ойындары 30 қыркүйек пен 1 қазан аралығында өткізіледі.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қазақстан құрамасы Дания және Финляндиямен ойнайтын футболшылар тізімін жариялады.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.