Жақында ғана осы командаға ауысқан қазақ футболшысы Бауыржан Исламхан да негізгі құрамға еніпті, деп хабарлайды «Аламан».
Естеріңізге сала кетейік, «Тараз» ойыншысы Б. Исламханды краснодарлық клуб ақпан айының ортасында 30 миллион теңгеге сатып алған еді. Қазір Бауыржан жаңа командасымен бірге Түркияда оқу жаттығу жиынында жүр. Ал Ресей чемпионаты наурыз айының ортасында жалғасын табады.