АСТАНА. 15 маусым. ҚазАқпарат - Ресейлік «Кубань» командасының ойыншысы Бауыржан Исламхан маусым соңына дейін «Астана» клубында ойнайды. Елордалық команда Исламханды «Кубаньнан» жалға алды. Бұл туралы «Астана» командасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап «Аламан» хабарлады.
Исламханның командаға келуіне Мирослав Беранек себеп болған. Екі клуб ойыншыны жалға алу жағынан келісім жүргізіп, бірден нақты шешімге келіпті. Қазір футболшы «Астана» командасының сапында. Және жақын күндері ол жаттығу жұмыстарына кіріседі.
«Мен «Астанада» маусым соңына дейін ғана ойнаймын. Кейін «Кубань» сапына қайта ораламын», - деді футболшының өзі «Астананың» ресми сайтында.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.