Федерацияның Бақылау-тәртіптік комитетінің отырысында «Тобыл» мен «Жетісу» командаларының арасындағы ойын барысы талқыланды. Нәтижесінде қос клубтың футболшылары ойыншылары Сенин Себай мен Олжас Керімжанов бес матчқа шеттетілді.
«Ойын эпизодынан тыс қарсыласына физикалық қысым көрсеткені үшін, төрешінің «Жетісу» ФК ойыншысы Олжас Керімжанов пен «Тобыл» ФК ойыншысы Сенин Себайға ескерту түрінде берген тәртіптік жазасы бес матчтық дисквалификацияға ауыстырылды. Шешім ҚФФ тәртіптік ережелерінің 44-бабы 1-тармағының 4-тармақшасына сәйкес қабылданды. Дисквалификация мерзімі 2020 жылдың 12 қазанында күшіне енді», делінген футбол федерациясының ресми сайтында.
Айта кетейік, бұл матч Қазақстан Премьер-лигасының 12-турында өтті. Ойын соңына таман О.Керімжанов пен С.Себаи қақтығысып қалған.
Матч 2:0 есебімен «Тобылдың» жеңісімен аяқталды.