НҰР- СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Дәл қазір футболдан Қазақстан мен Черногория құрамалары арасындағы жолдастық кездесудің бірінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бірінші кезеңде қос құраманың гол соғатын мүмкіндігі болған еді. Дегенмен оны тиімді пайдалана алған жоқ. Нәтижесінде таблодағы есеп өзгеріссіз қалды.
FIFA жариялаған соңғы рейтингіде олар 64-орында тұрса, Қазақстан құрамасы 119-орында.
Қазақстан аталған қарсыласымен бұдан бұрын үш мәрте кездесті. Үшеуінде де черногориялық футболшылар жеңіске жетті.
Естеріңізге сала кетелік, Қазақстан құрамасы енді Ұлттар лигасында екі ойын өткізеді. Алдымен 15 қазанда сырт алаңда Албаниямен шеберлік байқасса, 18 қарашаа өз алаңында Литваны қабылдайды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.