Футбол: Бірінші лигада екінші айналым ойындары басталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Футболдан бірінші лига командалары екінші айналым ойындарын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бірінші айналымнанкейін біраз тынығып алған клубтар өз алдарында тұрған міндеттер үдесіненкөрінуге тағы кірісті.

Турнир кестесіндекөш басында келе жатқан «Алтай» өз алаңында «Шахтер-Болат»командасын 5:0 есебімен тас-талқан етіп жеңді.

Осылайша 35 ұпайжинаған семейліктер премьер-лига жолдамасынан бастыүміткер екендіктерін тағы бір дәлелдеді.

Ақтауда«Мақтааралды» 1:0 есебімен тізе бүктірген «Каспий» 30ұпаймен екінші орынға көтерілді.

Премьер-лигадан үміткер «Қызылжар» (Петропавл) клубы Алматыда«Қайрат-Жастардан» 0:2 есебімен ұтылып қалды.

Сол секілді Оралдың«Ақжайығы» өз алаңында «Жетісу Б» командасын ұта алмай, пұшайман болды – 1:1.

«Қызылжар» 28ұпаймен үшінші, оралдықтар (26 ұпай) төртінші орында келеді.

Бесінші орындағы«Академия Оңтүстік» командасы (25 ұпай) өз алаңында «Екібастұздың» меселінқайырды – 2:1. Ал «Байқоңыр» «Қыранды» қапы қалдырды – 3:2. «Ақтөбе-Жас» пен «Астана М» тең тарқасты –1:1.

Сөйтіп екіншіайналымның алғашқы матчтарының өзі-ақ көшбасшы командаларға ұпай жинау оңайғатүспейтінін көрсетті.

XV тур ойындары 2-4тамыз аралығында өтеді. Онда «Шахтер-Болат» - «Академия Оңтүстік», «Жетісу Б» -«Каспий», «Мақтаарал» - «Алтай», «Екібастұз» - «Байқоңыр», «Қыран» -«Қайрат-Жастар», «Қызылжар» - «Астана М», «Ақтөбе-Жас» - «Ақжайық» командаларыөзара сынға түседі.