ФУТБОЛ: Бранко Илич «Астанадан» кетті
22:00, 06 Қаңтар 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның «Астана» футбол клубының ойыншысы словениялық Бранко Илич енді Жапония клубында өнер көрсетеді, деп хабарлады Sports.kz.
Бүгін жапониялық «Урава Ред Даймондс» клубының ресми сайтында словениялық футболшының ауысып барғаны туралы ақпарат жария болды.