ФУТБОЛ: Бразилия ӘЧ қауіпсіздігіне 1 миллиард долларға жуық қаржы жұмсамақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилия алда болатын футболдан әлем чемпионаты барысындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 1, 9 миллиард реал (0,9 миллиард долларға жуық) бөлді, деп хабарлады жұма күні елдің қорғаныс министрі Селсу Аморим.

Әлемдік біріншілік 12 маусымнан 13 шілдеге дейін Бразилияның 12 қаласында өтеді: Рио-де-Жанейро, Ресифи, Салвадоре, Сан-Паулу, Порту-Алегри, Манаусе, Форталезе, Натале, Белу-Оризонти, Бразилиа, Куябе, Куритибе.

«Бразилия матч көруге келетін өз азаматтары мен шетел туристерінің қауіпсіздігіне кепілдік беру үшін ерекше дайындық жүргізді», - деген Аморимнің сөзін келтірді мексикалық Jornada басылымы.

Ойын барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша іс-шараларға барлығы түрлі күштік құрылымдардан 157 мың адам тартылады. Мамырдың ортасында Бразилия билігі чемпионат алдында ел шекараларындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ірі ауқымды операция бастады. »Агат-8» шарасы Бразилияның Оңтүстік Американың он елімен арадағы 16,9 мың шақырымдық шекарасын қамтиды.