деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Айта кетейік, екі команда арасында бұдан бір апта бұрын Бременде болған бірінші кездесу 6:3 есебімен германиялық клубтың пайдасына шешілген болатын. Еуропа лигасының плей-офф кезеңінен топтық кезеңге өту үшін «Ақтөбеге» өз қақпасына гол жібермей, «Вердерді» 3:0 есебімен ұту қажет.
Матчты футбол жанкүйерлері бүгін 19 сағат 55 минөтте «Еларнадан» тікелей эфирде тамашалай алады. Кездесуге Владимир Хринак бастаған словакиялық төрешілер бригадасы қазылық жасайды.