Футбол: Бүгiн Әлем чемпионатының үш матчы өтедi

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгiн, 13 маусым күнi Бразилияда 2014 жылғы футболдан Әлем чемпионатының үш кездесуi өтедi.

Астана уақытымен сағат 22:00-де Мексика мен Камерун («Еуразия» мен KazSport телеарналары арқылы көрсетiледi) құрамалары өзара кiм мықтыны анықтаса, сағат 01:00де әлемнiң қазiргi чемпиондары голландиялықтармен (KazSport және «Қазақстан») кездеседi. Ал сағат 04:00-те Аустралия мен Чили футболшылары («Еуразия») ойнайды.