Қазақстан ұлттық құрамасы Дания, Румыния, Армения, Польша, Черногория командаларымен «Е» тобында ойнайды. Ал бұл іріктеу матчтары биылғы жылдың қыркүйек айында басталмақ.
Биылғы жылы Қазақстан ұлттық құрамасы әдеттегідей маусым аралық жаттығу жұмысын Түркия елінде бастады. Наурыздың 21-30 аралығында ұлттық құрама жігіттері екі жолдастық кездесу өткізбек. 26 наурыз күні Анталия қаласында Әзербайжан құрамасымен ойнайды. Одан кейін сырт алаңда, Грузиядағы кездесу күтіп тұр.
Еске сала кетсек, Қазақстан мен Әзербайжан өзара жеті рет кездескен.
Сәйкесінше қос команда бір-бірін екі рет жеңген және үш рет тең ойнады. Командалар осыған дейін 2008 жылы дәл осы Анталия қаласында жолдастық кездесу өткізіп, 0-0 есебімен тең тарқасқан еді. Жолдастық кездесуден бөлек командалар өзара төрт рет негізгі матчта кездесті. Сәйкесінше өзара бір кездесуден басым түскен және екі ойын тең аяқталған.
Командалар арасындағы соңғы ойын 2011 жылы Әзербайжанның пайдасына шешілген (3-2).
Букмекерлік кеңселер болса бұл елің сәл де болса басымдылыққа ие екендігін көрсетті. Олар Әзербайжанның жеңісіне 2.7 тең ойын үшін 3.02 және Қазақстанның жеңісі үшін 2.93 коэффициент берді, деп хабарлайды alaman.kz.