Футбол: Бүгін Қазақстан құрамасы Латвиямен кездеседі

АСТАНА. 12 маусым. ҚазАқпарат - 2013 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында бүгін Қазақстанның жастар құрамасы Латвия футболшыларымен кездеседі.

Естеріңізде болса, соңғы ойында еліміздің жас футболшылары Франциядан 0:3 есебімен жеңілген болатын. Дегенмен, өз тобында біздің командада екі ұпай бар. Ал Латвия құрамасы бес ойынның бәрінде де жеңіліп, бірде-бір ұпайға ие бола алмады. Сондықтан бүгінгі кездесу біздің футболшылар үшін қиынға соқпайды деген болжам бар.

 «Астана-Арена» стадионында өтетін Қазақстан-Латвия футболын кешкі сағат 18:30-да «Ел арнадан» көруге болады.