Футбол: Бүгін «Локомотив» пен «Астана» кездеседі

АСТАНА. Маусымның 19-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасында Қазақстан чемпионатының 12-ші тур ойындары өтеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл турдағы орталық кездесу Астананың «Локомотив» және Ақтөбенің «Ақтөбе» командалары арасында өтеді. 11-ші турдан кейін 28 ұпай жинаған «Ақтөбе» көш бастап келе жатса, «Локомотив» 27 ұпаймен екінші орында тұр. Бұл турда сондай-ақ «Қазақмыс»-«Жетісу», «Қайсар»-«Шахтер», «Ертіс»-«Тобыл», «Ордабасы»-«Қызылжар», «Восток»-«Оқжетпес», «Тараз»-«Атырау» командалары кездеседі.