ФУТБОЛ: Чемпиондар лигасының 1/4 финалында «Барселона» «Атлетикомен» ойнайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Швейцарияның Ньон қаласында УЕФА-ның штаб-пәтерінде Чемпиондар лигасының ширек финалының жеребе тарту рәсімі болды.

Жеребе нәтижесінде еуромаусымның үздік 8 командасы қарсыластарын анықтады:
«Вольфсбург» (Германия) - «Реал» (Испания);
«Бавария» (Германия) - «Бенфика» (Португалия);
«Барселона» (Испания) - «Атлетико» (Испания);
«ПСЖ» (Франция) - «Манчестер Сити» (Англия).

Алғашқы матчтар 5-6 сәуір, ал қарымта кездесулер 12-13 сәуір күндері өтеді.