Осы арқылы Чемпиондар лигасының бірінші жартылай финалында мадридтік «Реал» мен мюнхендік «Бавария», ал басқасында мадридтік «Атлетико» мен лондондық «Челси» тартысқа түседі. Алғашқы ойындар Мадридте өтеді. Олар 22 және 23 сәуірде ұйымдастырылса, ал қарымта кездесулер Лондон мен Мюнхенде 29 және 30 сәуірде болады. Чемпиондар лигасының ақтық сыны 24 мамырда Лиссабондағы «Эштадиу да Луш» стадионында өтеді.
Еуропа лигасының жартылай финалдарында испандық «Валенсия» мен «Севилья» өзара тартысқа түссе, сондай-ақ итальяндық «Ювентус» мен португалдық «Бенфика» бақтарын сынайтын болады. Бірінші матчтер Сивилья мен Лиссабонда өтеді. Бұл ойындар 24 сәуірде ұйымдастырылса, қарымта додаларды 1 мамырда көруге болады. Еуропа лигасы - 2013/14 финалы 14 мамырда Туриндегі «Ювентус» стадионында өтеді, деп жазады Vesti.kz.