Жартылай финалда Мадридтің «Реал» клубы Англия вице-чемпионы «Манчестер Ситиге», немістің «Бавариясы» Испания астанасының тағы бір командасы «Атлеттикоға» қарсылас атанды.
Айта кетейік, ширек финалда «Реал» немістің «Вольфсбургын» сүріндірсе, «Манчестер Сити» Франция чемпионы ПСЖ-дан басым түскен болатын. Ал «Бавария» португалиялық «Бенфикадан» айласын асырды, «Атлетико» Чемпиондар лигасының өткен маусымдағы жеңімпазы «Барселонаны қапы қалдырды.
Жартылай финалдың алғашқы кездесулері 26-27 сәуір күндері, қарымта ойындар 3-4 мамырда өтеді. Финал 28 мамыр күні Миланда болады.