Онда ел намысын 2010 жылғы Қазақстан чемпионы - Қостанайдың "Тобыл" командасы қорғайды. Бұл жарыста түңғыш рет бәсекеге түскелі отырған "Тобыл" "В" тобында Өзбекстанның "Бунёдкор" (Ташкент), Латвияның "Сконто" (Рига), Арменияның "Мика" (Ереван) клубтарымен ойнайды. Біздің команда топтық кезеңдегі бірінші ойынын 15 қаңтарда "Бунёдкормен" өткізеді. Одан кейін 16 қаңтарда "Микамен," ал 18 қаңтарда "Сконтамен" кездеседі
Қостанайлықтар Достастық кубогына Түркияда дайындалуда. Команданың алғашқы оқу-жаттығу жиыны Анталияда 19 желтоқсанда басталды. Бас бапкер Равиль Сабитов оған 20 футболшыны байқауға шақырған болатын. Бүгін олар алғашқы жиынды аяқтайды. Келесі басқосу мұнда 5 қаңтарда басталады деп жоспарланып отыр.
13:49, 27 Желтоқсан 2010
Футбол: "Достастық кубогы" үшін жарыста Қазақстан намысын Қостанайдың "Тобыл" командасы қорғайды
АЛМАТЫ. 27 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Футболдан ТМД мен Балтық жағалауы елдері арасындағы дәстүрлі "Достастық кубогының" топтық кезеңіндегі матчтардың кестесі шықты.