ОРАЛ. ҚазАқпарат – Екі шетелдік ойыншы премьер-лигада өнер көрсететін «Ақжайық» командасына алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Ақжайық» футбол клубының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, жартылай қорғаушылар, ресейлік Артур Газданов пен бразилиялық Рафаэль Сабиньо дос Сантоспен келісімшартқа қол қойылды.
Мәскеулік ЦСКА клубының түлегі, 29 жастағы А.Газданов спорттық жолында «Алания», «Волгарь», «КАМАЗ», «Авангард», «Тюмень» және «Акрон» командаларында доп тепті. Биылғы маусымда «Акрон» сапында 12 матч өткізіп, 1 гол соқты.
А.Газданов «Ақжайық» пен ресейлік «Ротор» (Волгоград) арасында өткен бақылау ойынында да мергендік танытып, есеп ашқан болатын.
Бразилиялық «Гремио» клубында футбол әліппесін үйренген 25 жастағы Рафаэль Сабиньо дос Сантос соңғы төрт маусымды «Львов» (Украина) командасы сапында өткізді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан құрамасының ойыншысы «Ақжайықтан» «Тұранға» ауысқанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Қазақстан ұлттық құрамасына шақырылған ойыншылар белгілі болды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).