Футбол: Ертең Қазақстан құрамасы Англияны қабылдайды

АСТАНА. Маусымның 5-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Ертең футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Алматыдағы Орталық стадионда Англия командасын қабылдайды. Бұл біздің жігіттердің 2010 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясындағы алтыншы ойыны,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.Іріктеу турнирі аясында бұған дейін екі команда 2008 жылғы қазанның 11-де Лондонда кездескен еді. Онда ағылшындар 5:1 есебімен айқын басымдылықпен жеңіске жетті. Халықаралық Футбол федерациясының (ФИФА) мамыр айындағы рейтингі бойынша Англия 6-шы, ал Қазақстан 132-ші орында тұр. Мәселеге осы көзқарас тұрғысынан қарасақ, бұл жерлестеріміз үшін күрделі, әрі аса жауапты кездесу болғалы тұр.Айта кетейік, 2010 жылы Оңтүстік Африка Республикасында өтетін Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан Англия , Хорватия, Украина, Беларус, Андорра құрамаларымен бірге «Ғ» тобында сынға түсуде. Біздің команда іріктеу кезеңі аясындағы бұған дейін бес кездесу өткізіп, соның біреуінде ғана жеңіске жетті, ал қалғандарында жеңіліс тапты. Осылайша, бес ойыннан кейін 3 ұпай жинаған олар өз тобындағы алты команданың ішінде бесінші орында келеді.