Футбол: «Ертіс» Венгрияның, «Оқжетпес» Молдованың клубтарымен ойнайды

АСТАНА. Маусымның 23-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ -  2009/2010 жылғы маусымдағы Еуропа лигасы бірінші іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Бұл кезеңде Қазақстан атынан Қостанайдың «Тобыл», Павлодардың «Ертіс» және Көкшетаудың «Оқжетпес» клубтары сынға түседі. Қазақстан футбол федерациясының мәліметінше, жеребе бойынша «Тобыл» жарысты екінші іріктеу кезеңінен бастайды. Ал «Ертіс» болса бірінші іріктеу кезеңінде Венгрияның «Халадаш» клубымен, «Оқжетпес» Молдованың «Зимбру» клубымен кездеседі. Ойындар шілденің 2-сі және 9-ы күндері болады.  Біздің командалар бірінші кездесулерін сырт алаңдарда өткізеді.