Бұл туралы сейсенбіде France Press елдің Спорт министрлігі жариялауы тиіс зерттеуге сілтеме жасап хабарлады.
Зерттеуге сәйкес турнир уақытында Францияға 613 турист келген, олардың әрқайсысы күніне €154 жаратып, елде шамамен 7,9 тәуліктей болды.
Еске сала кетсек, Еуропа чемпионаты 10 маусым мен 10 шілде аралығында өтті. Франция командасын (1:0 қосымша уақытта) жеңген Португалия құрамасы турнир жеңімпазы атанды.