НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Швейцарияның Ньон қаласында UEFA Еуропа лигасы 1/8 финалының жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Турнирдің аталған сатысында командалар алғашқы ойынын 11 наурызда өткізсе, қарымта кездесу 18 наурызға белгіленген.
Жеребе нәтижесі бойынша «Манчестер Юнайтед» (Англия) және «Милан» (Италия) командалары өзара жұп құрады. Англияның «Арсеналы» «Олимпиакос» (Грекия), «Тоттенхэм Хотспур» клубы «Динамо Загреб» (Хорватия) командасымен кездеседі.
Өзге жұптарда «Аякс» (Голландия) пен «Янг Бойз» (Швейцария), «Динамо Киев» (Украина) пен «Вильярреал» (Испания), «Рома» (Италия) мен «Шахтер» (Украина), «Славия» (Чехия) мен «Глазго Рейнджерс» (Нидерланды), «Гранада» (Испания) мен «Мольде» (Швеция) командалары шеберлік байқасады.
Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын UEFA Чемпиондар лигасы 1/8 финалының алғашқы ойындары өткізілді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.