ФУТБОЛ: Еуропада ӘЧ-2014 қосымша іріктеудің жеребесі тартылды

None
АСТАНА. 21 қазан. ҚазАқпарат - Футболдан 2014 жылы өтетін әлем чемпионатына Еуропадан таратылмаған төрт жолдама қалды. Оны іріктеуде топтан екінші орын алған сегіз команда сарапқа салатыны белгілі. Бүгін сол сегіз құрама жеребе арқылы төрт жұпқа бөлінді, деп хабарлайды «Аламан».

Жеребе қорытындысы бойынша Франция мен Украина бір жолдаманы сарапқа салады.

Португалия мен Швеция, Исландия мен Хорватия кездеседі.

Грекия мен Румынияның жеңгені Бразилияға бармақ.