Франция ІІМ полицейлердің жетіспеуі салдарынан қонақтарға арналған трибунаны уақытша жабу туралы шешім қабылдады. Бұл орайда елдегі төтенше жағдай режимі мен Парижде климат мәселелері бойынша саммитті өткізуге жүріп жатқан дайындық та ескерілді.
Шешім бірінші және екінші лига ойындарына, 5 және 6 желтоқсанда өтетін Франция Кубогының ойындары, сонымен қатар Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасы матчтарына, соның ішінде ПСЖ мен украиналық «Шахтер» (8 желтоқсан) және ресейлік "Рубин" мен "Бордо" (10 желтоқсан) ойындарына да қатысты болмақ.