Маусым айынан бері жалғасып келе жатқан келіссөздер екі клубтың уағдаластығымен аяқталды.
Естеріңізге сала кетейік, Бэйл өткен маусымда Англия чемпионатының үздік ойыншысы деп танылған болатын. Осыдан соң топ-клубтар арасында оған деген қызығушылық артқан еді. Алайда «Тоттенхэм» 100 млн. еуро төлеген жағдайда ғана футболшыны командадан жіберетінін мәлім етіп, талайды үркітіп алған көрінеді.
08:55, 01 Қыркүйек 2013
ФУТБОЛ: Гарет Бэйл Мадридтің «Реалына» ауысты
АСТАНА. 1 қыркүйек. ҚазАқпарат - Уэльс құрамасы мен лондондық «Тоттенхэм Хотспур» командасының жартылай қорғаушысы Гарет Бэйл ресми түрде Мадридтің «Реалына» ауысты.