ФУТБОЛ: Гейнрих Қазақстан чемпионаты тарихындағы ең жылдам голды салды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Ордабасы» шабуылшысы Александр Гейнрих Затоболськте «Тобыл» қақпасына Қазақстан чемпионаты тарихындағы ең шапшаң голды соқты, деп жазды Sports.kz.

Бұдан бұрынғы ең жылдам салынған гол 2001 жылы 10 шілдеде Семейде «Елімай» көкшетаулық «Есілді» қабылдаған кезде тіркелген. Ол кезде алаң иелерінің шабуылшысы - гол авторы Юрий Митяев кездесудің 19-шы секундында қарсылас қақпасына доп дарытқан болатын.

«Ордабасы» шабуылшысы Александр Гейнрих «Тобыл» қақпасына 18-ші секундта гол соғып, 1 секундқа рекордты жаңартты.