АСТАНА. 4 маусым. ҚазАқпарат - Футболдан «Ақжайық» командасының ойыншысы, биылғы маусымда сұрмергендер көшін бастап келе жатқан Игорь Зенькович клубтан кеткендігі туралы хабарланған болатын.
Енді ол қарағандылық «Шахтерде» доп тебеді, деп жазады «Аламан».
Зенькович биылғы чемпионат басталғалы тоғыз голдың авторы атанды. Бірақ «Ақжайықтағы» жалақы мәселесі ойыншының командадан кетуіне себеп болып отыр.
Бұған дейін осы клубтың бас бапкері Погос Галстян да өз еркімен қызметінен кеткен еді.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.