Футбол: Исландия Әлем чемпионатына жолдама алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Исландия Косово командасын 2:0 есебімен ұтып Ресейде футболдан өтетін ӘЧ-2018 жолдама алды, деп жазады prosports.kz.

Голдарды Гилфи Тор Сигурдссон (40) мен Йоханн Гудмундсонн (68) соқты.

Нәтижесінде, Исландия 22 ұпай жинап, тобынан бірінші орынмен шықты.