ФУТБОЛ: Испандық «Севилья» Еуропа Лигасының финалына шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Испанияның «Севилья» командасы Еуропа Лигасының финалдық кезеңіне жолдама алды. Жартылай финалдық қарымта кездесуде «Севилья» сырт алаңда «Валенсияға» 3:1 есебімен жеңілді.

Бірақ, Унаи Эмери шәкірттері екі кездесу қорытындысы бойынша өздерінің жерлесі «Валенсиядан» басым түсті.

Алаң иелері тарапынан ойынның 14 минутында Софьян Фегули есеп ашты. 26 минутта «Севилья» ойыншысы өз қақпасына гол салып алды - 2:0. 69 минутта есепті «Валенсиялық» Жереми Матье еселеді. Қонақтар тарапынан жалғыз голды Стефан Мбиа 90 минутта салып, жеңіске қол жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, 25 сәуір күні өткен алғашқы кездесуде өз алаңында «Севилья» «Валенсиядан» 2:0 есебімен басым түскен еді.