13 қазанда Қазақстан құрамасы 21 жасқа дейінгі жастар арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясындағы тоғызыншы ойынын өткізеді.
Жерлестеріміз Алькоркондағы «Санто Доминго» стадионында қонақта ойнайды. Алғашқы ойында Қазақстан құрамасы 0:1 есебімен ұтылған болатын.
Кездесу 13 қазанда Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 22:40-та басталады. Ойынды «QAZSPORT» арнасы тікелей эфирден көрсетеді.
Қазіргі таңда Қазақстан жастар құрамасы 10 ұпаймен төртінші орында тұр.